01 желтоқсан 2014 18:34

"Алтын доптан" үміткер үш футболшының есімі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото fifa.com сайтынан алынды Фото fifa.com сайтынан алынды

Әлем бойынша жылдың ең үздік футболшыларын анықтау мақсатында өткізіліп тұратын "Алтын доптан" үміткер үш футболшының есімі белгілі болды, деп хабарлайды "Р-Спорт".


Әлем бойынша жылдың ең үздік футболшыларын анықтау мақсатында өткізіліп тұратын "Алтын доптан" үміткер үш футболшының есімі белгілі болды, деп хабарлайды "Р-Спорт".

Сонымен ФИФА-ның 2014 жылғы сыйлығын алудан мадридтік "Реалдың" шабуылдаушысы, португалдық Криштиан Роналдо, "Барселона" сұрмергені аргентиналық Лионель Месси, сондай-ақ мюнхендік "Баварияның" және Германия ұлттық құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер үмітті. "Алтын доп" иегерінің есімі Цюрихте 2015 жылы қаңтардың 12-і күні өткелі отырған салтанатты шара барысында белгілі болмақ.

Естеріңізде болса ФИФА бұған дейін жылдың ең үздік футболшысы атағынан үміткер кандидаттардың тізімін жариялаған болатын. Ал ол тізімге енген футболшылар ішінде әсіресе "Бавария" мен "Реалдың" ойыншылары көп дауыс жинағанын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, жылдың үздік футболшылары тізіміне мюнхендік клубтан Мануэль Нойер, Марио Гетце, Филипп Лам, Томас Мюллер, Арьен Роббен мен Бастиан Швайнштайгер енген болса, ал "Реалдықтар" арасынан Криштиан Роналдо, Хамес Родригес, Гарет Бэйл, Карим Бензема, Тони Кроос пен Серхио Рамос енген болатын.

Еске саламыз, өткен жылдың қорытындысы бойынша "Алтын доп" португалдық Криштиан Роналдоға бұйырған еді. Ол кезде "Алтын доп" иегері атанудан Криштиан Роналдодан бөлек мюнхендік "Бавария" мен Франция ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Франка Рибери, "Барселона" мен Аргентина ұлттық құрамасының шабуылдаушысы Лионель Месси үмітті бола білген. Бұл сыйлық үздік футболшыларға 2010 жылдан бері беріліп келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети