08 қараша 2017 14:29

Америкалық басылым Сауд Арабиясында ұсталған 11 ханзаданың қазіргі жағдайын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alarabiya.net © alarabiya.net

The New York Times басылымы Эр-Риядтағы бес жұлдызды "Ритц Карлтон" қонақүйінен видео жариялады. Видеодан осы жексенбіде ұсталған Сауд Арабиясының ханзадалары, шенеуніктер және министрлерді көруге болады.


The New York Times басылымы Эр-Риядтағы бес жұлдызды "Ритц Карлтон" қонақүйінен видео жариялады. Видеодан осы жексенбіде ұсталған Сауд Арабиясының ханзадалары, шенеуніктер және министрлерді көруге болады.

Сондай-ақ, видеодағы кадрлардан матрастар төселген үлкен залды байқауға болады. Онда жемқорлыққа қатысы бар делінген жоғарғы қызметтергі тұлғалар жатыр. Басылымның мәліметінше, оларға елден кетуге тыйым салынып, банк шоттары бұғатталған.

Айта кетейік, видео дүйсенбіде таңғы уақытта түсірілген. Мұның барлығын видеоға күзетішілердің бірі түсірген болуы мүмкін. Сонымен қатар, видеодан қара киім кигендерді көруге болады. Тағы бір жерде автомат жатыр.

Журналистердің мәліметінше, 16 қарашаға дейін Сауд Арабиясының астанасында орналасқан "Ритц Карлтон" қонақүйінде тіркелуге мүмкіндік жоқ.


© twitter.com


© REUTERS

Еске сала кетейік, 5 қарашада Сауд Арабиясының 11 ханзадасы, төрт министр мен он экс-министр ұсталған болатын. Ұсталғандардың ішінде Салман ханзаданың жиені әрі миллиардер әл-Валид ханзада, экономика министрі Адель Факих және тағы басқа тұлғалар бар.


Әл-Валид ханзада


Адель Факих ханзада


Митаб бен Абдалла ханзада

Өз кезегінде АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter желісіндегі парақшасында Салман ханзаданы қолдайтынын айтып өтті.


Дональд Трамп пен Сауд Арабияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман. © Reuters

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети