26 наурыз 2018 09:25

Америкалық Жердің тегіс екенін дәлелдеу үшін қолдан жасалған зымыранмен ұшып көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жер беті тегіс" деген теорияны қолдайтын калифорниялық Майк Хьюз ғаламшарды ғарыштан көру үшін өзі қолдан жасаған зымыраннан ұшып көрді, - деп хабарлайды The Independent.


"Жер беті тегіс" деген теорияны қолдайтын калифорниялық Майк Хьюз ғаламшарды ғарыштан көру үшін өзі қолдан жасаған зымыраннан ұшып көрді, - деп хабарлайды The Independent.

61 жастағы Майк Хьюз бұл зымыранды бірнеше ай бойы өзінің көлікжайында дайындап шығарған екен. Оның айтуынша, зымыран сағатына 560 шақырым жылдамдықпен ұша алады.

"Қорқасың, зымыран салудан бас тартып отырсың" деп айтқан адамдар шаршатты. Барлығы шаршатты. Сондықтан мен бар күшімді салып, осыған көз жеткізу үшін зымыранмен ұшып көрдім", - дейді ер адам.

Басылымның мәліметінше, ер адамға екі парашют ұшыруға тура келген. Себебі олар өте тез жылдамдықпен ұшқан. Дегенмен калифорниялық Майк Хьюз денесінің ауыруына қарамастан өзін жақсы сезініп тұрғанын айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети