15 тамыз 2021 09:57

Ангела Меркельдің зейнетақы мөлшері аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Германия Федералды канцлері Ангела Меркель қызметінен кеткеннен кейін ай сайын шамамен 15 мың еуро зейнетақы алады. Мұндай деректі ГФР Салық төлеушілер одағы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW.com порталына сілтеме жасап. 


Германия Федералды канцлері Ангела Меркель қызметінен кеткеннен кейін ай сайын шамамен 15 мың еуро зейнетақы алады. Мұндай деректі ГФР Салық төлеушілер одағы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW.com порталына сілтеме жасап. 

Ұйым мәліметінше, мұндай зейнетақы Меркельге бундестагтағы, министрлер кабинетінде және үкімет басшысы қызметіндегі көп жылдық жұмыс өтіліне байланысты тағайындалған. 

Германияда зейнетақы алу құқығы, оны тағайындау және есептеу тәртібі заңмен реттеледі. Меркельдің Парламенттегі қызметі үшін зейнетақы бундестаг депутаттары туралы заңға сәйкес, ал үкіметтегі жұмысы үшін федералды министрлер туралы заңға сәйкес есептеледі. Бундестаг депутаттары туралы заңның 20-тармағына сәйкес, мысалы, ол жалақының 65 пайызы мөлшерінде максималды зейнетақы алуға құқылы, өйткені оның парламенттегі жұмыс өтілі 31 жыл.

Германия үкіметінің бұрынғы басшылары мен Германия президенттері сияқты, Меркельдің де өз кеңсесі мен кеңсе менеджері, екі ассистент, хатшы және жүргізуші сияқты қызметкерлері бар.

Еске салайық, 25 қыркүйекте Германияда бундестаг сайлауы өтеді, содан кейін үкіметті жаңа канцлер басқарады. Бұл лауазымды 16 жыл бойы атқарған Ангела Меркель 2018 жылдың қазанында Христиан-демократиялық одақтың төрағасы қызметінен бас тартты, ол үкімет басшысы лауазымына қайта үміткер болмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети