22 мамыр 2020 10:50

Антарктида балдырға жамылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Cambridge University видеосынан алынған кадр Cambridge University видеосынан алынған кадр

Антарктида жағалауындағы мәңгілік мұздар микроскопиялық балдырлармен жабыла бастады. Ғалымдар "жасыл қардың" ірі масштабты картасын жасап, жаһандық температураның жоғарылауына байланысты оның континентке терең тарауы мүмкін екенін мәлімдеді , - деп хабарлайды Science Daily


Антарктида жағалауындағы мәңгілік мұздар микроскопиялық балдырлармен жабыла бастады. Ғалымдар "жасыл қардың" ірі масштабты картасын жасап, жаһандық температураның жоғарылауына байланысты оның континентке терең тарауы мүмкін екенін мәлімдеді , - деп хабарлайды Science Daily

Кембридж университеті мен Британия антарктикалық қызмет ғалымдары 1700-ге жуық балдыр ошағын анықтады. Олар көбіне пингвиндер мен құстардың мекендейтін жерлерінде жиі кездеседі.

Ғалымдар қар балдырларын өлшеу үшін Антарктиданың екі жылдық жер үсті спутниктік деректерін біріктірді. Әрбір жеке балдырдың өз микроскопиялық өлшемі бар болғанмен, олар жаппай бірге өскенде қар ашық жасыл түске боялады және ол ғарыштан көрінеді.

"Бұл біздің Антарктидадағы өмір туралы және жақын арада климат жыли бастағанда оның қалай өзгеруі мүмкін екені туралы түсінігімізде үлкен прогресс болды. Қар балдырлары континенттің фотосинтез арқылы атмосферадан көмірқышқыл газын жұмсау қабілетінің негізгі компоненті", - деді зерттеу жұмыстарын басқарған Кембридж университетінің өсімдіктер туралы ғылымдар бөлімінің докторы Мэтт Дейви.

Жасыл қар балдырының гүлдері антарктикалық жағалаудың айналасында, әсіресе Антарктика түбегінің батыс жағалауындағы аралдарда кездеседі. Олар жазда Цельсий бойынша орташа температура нөлден сәл жоғары "жылы" аудандарда өседі. Жаз мезгілі оңтүстік жарты шарда қараша айынан ақпанға дейін созылады. Бұл түбек өткен ғасырдың екінші жартысында ең жылдам жылыған Антарктида бөлігі саналады. 

Зерттеушілер, сонымен қатар, жасыл қар балдырлардың таралуына теңіз құстары мен сүтқоректілер де әсер ететінін анықтады. Гүлдердің 60 пайыздан астамы пингвиндер тобынан бес шақырым жерде табылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети