07 шілде 2021 11:36

Аңызға айналған үнді актері Дилип Кумар қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Reuters ©Reuters

Мумбайда аты аңызға айналған үнді актері және продюсері Дилип Кумар 98 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды India Today.


Мумбайда аты аңызға айналған үнді актері және продюсері Дилип Кумар 98 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды India Today.

Басылым мәліметіне сүйенсек, актер жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.30-да Үндістан астанасындағы Хар Хиндуджа ауруханасында қайтыс болған. Кумар маусымда ауруханаға екі рет түскен. кейін актерге екі жақты плевра эффузиясы диагнозы қойылып, тиісті емдеу жүргізілген. Алайда маусымның соңында Кумар тағы да тыныс алуы нашарлап ауруханаға түскен.

Болливудтың атақты актерлары, саясаткерлері мен жұлдыздары аты аңызға айналған актерді еске алып, туыстарына көңіл айтты.

Дилип Кумар 1922 жылы 11 желтоқсанда Пешавар қаласында дүниеге келген. Ол 1950-1970 жылдары танымал болды. Елу жылдан аса мансабында актер 59 фильмге түсіп, тағы 4 фильмге қонақ жұлдыз ретінде шақырылған. Актердің артында әйгілі кино актрисасы Сайра Бану қалды. Олардың баласы болмаған.

Актер Үндістанның кино саласындағы ең жоғары марапаты Дадасахеб Фальке сыйлығын иемденген. Ол 1954 жылы ең жақсы ер адам рөлі үшін Filmfare сыйлығын алған алғашқы актер және осы уақытқа дейін Шахрух Ханмен бірге осы номинацияда 8 марапат алып, рекорд орнатты. Сыншылар Кумарды Болливуд тарихында аңызға айналған актер деп жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети