26 қыркүйек 2018 12:42

Апатқа ұшыраған кеме қалдықтары арасынан көне қазына табылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Португалия археологтары 400 жыл бұрын суға батып кеткен кеме бөлшектері арасынан қытай фарфоры мен қола зеңбірек қалдықтарын тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі The Guardian ақпарат порталына сілтеме жасап. 


Португалия археологтары 400 жыл бұрын суға батып кеткен кеме бөлшектері арасынан қытай фарфоры мен қола зеңбірек қалдықтарын тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі The Guardian ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Қыркүйектің басында мамандар апат орнын Кашкайш (Лиссабон аймағы) портты қаласының маңында теңіз түбін зерттеу барысында тапқан. Кеме қирандылары 12 метр тереңдікте, ұзындығы 100 метр, ені 50 метр жерде шашылып жатыр.  


Сурет: Augusto Salgado / Cascais City Hall

Кеменің атауы белгісіз, алайда мамандардың айтуынша, ол португалиялық және XVI ғасырдың соңында немесе XVII ғасырдың басында құрылған. Бұл қорытындыға фарфор өнімдерін Қытай императоры Чжу Ицзюнь (1573-1619 жж.) билеген кезеңмен байланыстырғандықтан келген және зеңбіректен Португалия елтаңбасын тапқан.  Кашкайша мэрінің айтуынша, заттар соңғы онжылдықтың ең маңызды археологиялық табыстарының бірі. 

Lenta.ru сайтының мәліметінше, 20 қыркүйекте Аустралияның ұлттық теңіз музейінің археологтары XVIII ғасырда британдық зерттеуші капитан Джеймс Кук басқарған HMS Endeavour кемесінің суған батқан орнын анықтады. Аумақ Гот аралының маңында, Наррагансетт (Род-Айленд, АҚШ) шығанағында орналасқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети