30 сәуір 2020 09:38

Армения вице-спикері блогердің мұрнынан басымен ұрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Sputnik Фото: ©Sputnik

Армения парламентінің вице-спикері Ален Симонян оппозия блогері Артур Даниелянмен қалай төбелескенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


Армения парламентінің вице-спикері Ален Симонян оппозия блогері Артур Даниелянмен қалай төбелескенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

29 сәуірде желіде парламентте "Мой шаг" блогының жетекшісі Симонян мен Даниелянның арасындағы төбелес туралы ақпарат тарады. Интернеттегі видеокадрлардан екеуінің де дәрігерге жүгінгенін көруге болады.

Кейін вице-спикер Facebook желісенде видеоүндеу жариялады. Сонда ол блогерді Ереван көшесінде кездестіргенін және онымен амандасқанын айтты. Блогер оған жауап ретінде анасының ар-намысына тиетін дөрекі сөз қайтарған.

"Содан соң мен Даниелянның қасына келіп, ол туралы мұндай ойым жоқ екенін айттым да, басыммен мұрнынан бір соқтым", - деді Симонян.

Вице-спикердің айтуынша, сол кезде оған үш адам болып жабылған және кішігірім төбелес болған.

"Былай жауап бергеніме өкінемін, бірақ ар-намысыма тиетін сөздерді естімегендей сыңай таныта алмадым... Ешқандай проблема көріп тұрғаным жоқ және жауап беруге дайынмын", - деді вице-спикер.

Құқыққорғаушы, Арменияның бұрынғы әділет министрі Рубен Меликян видео жекеменшік камераға түсіп қалғанын және оны полиция алғанын хабарлады. Ол қоғамдық резонанс пайда болғанын көріп, жазбаны халыққа көрсетуді талап етті.

Даниелян - "Адеквад" оппозиялық партиясы басшысы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети