15 ақпан 2021 13:24

Ауған-Иран шекарасында 500 көлік өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ауғанстан мен Иран шекарасында орналасқан кеден бекетінде 500-ге жуық көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды The Times of Israel.


Ауғанстан мен Иран шекарасында орналасқан кеден бекетінде 500-ге жуық көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды The Times of Israel.

Оқиға батыс Герат провинциясындағы Ислам-Кала кеденінде болған. Басылым мәліметінше, өрт бензин тасушы жарылып кеткеннен кейін шыққан болуы мүмкін. Өрттің жалпы аумағы 20 мың шаршы метр. Жарылыс салдарынын 500 жүк көлігі өртеніп кеткен, оның 70-і ирандық жүк тасушыларға тиесілі болған. Шамамен 20 адам жарақат алған. 

Иранның мемлекеттік телеарнасында болған эфир барысында ТЖ бойынша өкіл Мохсен Неджат жергілікті билік өртті сөндіруге 21 жедел жәрдем және 20 өртсөндіру экипажын жібергенін айтты. Жергілікті тұрғындар жағдайды пайдаланып шекарадан заңсыз өте бастаған. 

Герат батыс провинциясының губернаторы Вахид Каталидің сөзінше, ол өртті сөндіруге Иран билігінен және ел аумағындағы НАТО өкілдерінен көмек сұрауға мәжбүр болған. 

Одан бөлек, өрт салдарынан электр беру желілеріне зақым келген. Одан кейін Гератта электр энергиясында проблема туған. 

"Алдын ала болжам бойынша, өрттың шығыны 50 миллион АҚШ доллары", - деді Гераттың сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Юнус Казизада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети