30 қыркүйек 2022 16:37

Ауғанстанда мектепте жарылыс болды: қаза болғандар бар

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кабулда білім беру орталығындағы жарылыс салдарынан шамамен 19 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Кабулда білім беру орталығындағы жарылыс салдарынан шамамен 19 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Кабул полициясының өкілі Халид Задранның айтуынша, ресми дерек бойынша 19 адам қаза тапқан, 27 адам жараланған. Ол шабуыл емтихан болып жатқан жеке орталықта болғанын айтты. Ауғанстанда әдетте жұма күндері мектептер жабық болады.

"Азаматтық нысандарға шабуыл жасау жаудың адамгершілікке сай келмейтін қатыгездігін дәлелдейді", - деді ол.

"Талибан" қозғалысының өкілдері 33 адам қайтыс болғанын және құрбан болғандар арасында студенттер болғанын хабарлады. Лаңкестік шабуыл үшін жауапкершілікті әлі бірде-бір ұйым өз мойнына алмаған.

Галим Садик есімді жергілікті тұрғын қатты дыбысты естігенде үйде болғанын, сыртқа шығып, орталықтан түтін шыққанын көргенін айтты.

"Достарым екеуміз жарылыс орнынан шамамен 15 жараланған және 9 қаза болған адамды алып шықтық, басқалары сынып ішіндегі орындықтар мен үстелдердің астында жатты", - деді ол.

Ауғанстан астанасында бейбіт тұрғындарға лаңкестік шабуылдар мен адам көп жиналатын жерлерде жарылыстар үнемі болып тұрады. Сәуірдің соңында Кабулдың батыс аудандарының біріндегі мектептерде кем дегенде үш жарылыс болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети