19 мамыр 2018 11:44

Ауғанстандағы стадионда үш жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © REUTERS Иллюстрация © REUTERS

Джелалабадтағы үш жарылыстың салдарынан сегіз адам көз жұмып, 45 адам жараланды, деп хабарлады Tolo News телеарнасы.


Джелалабадтағы үш жарылыстың салдарынан сегіз адам көз жұмып, 45 адам жараланды, деп хабарлады Tolo News телеарнасы.

Ауғанстанның солтүстік-шығысында орналасқан Нангахар провинциясы губернаторының өкілі Аттауллах Хогйанидің айтуынша, жарылыстар қалалық стадионда крикеттен матч өтіп жатқанда болған. Мерт болғандардың арасында жарылысты ұйымдастырушылар мен Лагман провинциясындағы Мехтарлам қаласы мэрінің орынбасары бар.

Телеарнаның мәліметінше, "Талибан" радикалдық қозғалысы жарылысқа қатыстарын теріске шығарып отыр. Бұған дейін, 13 мамырда Джелалабадта жанкешті лаңкес кеден басқармасының жанында жарылғыш затты іске қосқан болатын. Оқиғаның салдарынан алты адам мерт болып, 20 шақты адам жараланды. Жарылыстан кейін белгісіз біреулер топталып, мекемеге шабуыл жасаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети