30 наурыз 2021 09:35

Аустралия Ресейге қарсы жаңа санкция жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Pixabay.com Фото: Pixabay.com

Аустралия Қырым көпірінің теміржол бөлігін салуға және пайдалануға байланысты Ресейден келген бір жеке тұлғаға және төрт компанияға санкция салатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.


Аустралия Қырым көпірінің теміржол бөлігін салуға және пайдалануға байланысты Ресейден келген бір жеке тұлғаға және төрт компанияға санкция салатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Ресейге қарсы санкциялар туралы елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

"Аустралия Қырым көпірінің теміржол бөлігін салуға және пайдалануға байланысты бір ресейлік азаматқа және төрт компанияға қарсы қаржылық санкциялар мен сапарларға тыйым салды", - делінген Аустралия СІМ басшысы Мариз Пейн мәлімдемесінде.

Құжатқа сәйкес, Пейн Қырым көпірі құрылысын "Ресейге заңсыз қосылған Қырым түбегін бақылауды күшейту әрекеті" деп бағалады. Министр Ресей азаматы мен шектеулер салынған компанияларды Мәскеудің түбекке қатысты әрекеттерін "заңдастыру" ниеті деп айыптады.
 
Санкциялар бұрын шектеулер енгізген Канадамен келісе отырып салынған. Австралия СІМ мәлімдемесіне сүйенсек, Қырым Ресеймен қайта қосылғаннан бері Канберра кем дегенде 168 жеке тұлға мен 52 компанияға санкциялар енгізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети