11 сәуір 2017 10:26

Аустралия теңізшілері акуланы еден жуатын құралмен қуып жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© public.domain © public.domain

Аустралияның Виктория штатындағы теңізшілер ақ акуланы қорқытып, оны кемеден еден жуатын құралмен қуып жіберді, - деп хабарлайды РИА Новости UPI интернет басылымына сілтеме жасап.


Аустралияның Виктория штатындағы теңізшілер ақ акуланы қорқытып, оны кемеден еден жуатын құралмен қуып жіберді, - деп хабарлайды РИА Новости UPI интернет басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, теңізшілер балық аулап отырған, алайда бір сәтте олар кеменің қасында акула жүзіп жүргенін байқаған. Содан команда мүшелері акуланың моторды бұзып қоймауы үшін оны еден жуғыш құралмен қуа бастаған.

"Біз үрейленген жоқпыз... Акула мотордың қалақшасынан зардап шеккен жоқ", - деді балықшылардың бірі. Сондай-ақ, команда мүшелері мұндай жағдайдың бірінші рет емес екенін айтып өтті.

Айта кетейік, ақ акулалар Жердегі ең ірі балықтардың бірі болып саналады және олардың адамдарға қаупі зор. Сондықтан да оны кейде "адам жегіш" акула деп атайды екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети