01 қаңтар 2018 16:16

Аустралияда ұшақ апатынан ұлыбританиялық миллионер қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық Compass Group кейтеринг компаниясының атқарушы директоры Ричард Казинс пен оның туыстары Аустралияда ұшақ апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ұлыбританиялық Compass Group кейтеринг компаниясының атқарушы директоры Ричард Казинс пен оның туыстары Аустралияда ұшақ апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бір моторлы DHC-2 Beaver ұшағы 31 желтоқсанда Аустралиядағы Хоксбериде өзенге құлаған. Бортта болған барлық алты адам - бір пилот пен бес жолаушы қаза тапқан. 

"Ричард Казинс пен оның төрт туысы 2017 жылдың 31 желтоқсанында Аустралияда ұшақ апатынан қаза тапқанын қайғырып, хабарлаймыз", - делінген компанияның мәлімдемесінде. 

Компания директорлар кеңесінің төрағасы Пол Уолш оқиғаға байланысты көңіл айтты. "Сұмдық жаңалықтан шошынып, қайғырамыз. Compass Group компаниясындағылардың барлығы Ричардтың отбасы мен достарына көңіл айтады", - деді Уолш.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети