01 ақпан 2022 16:41

Аустрияда COVID-19-ға қарсы міндетті вакцинация ресми түрде енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Аустрия барлық ересек адамға коронавирусқа қарсы міндетті вакцинацияны енгізген Еуропадағы бірінші ел болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.


Аустрия барлық ересек адамға коронавирусқа қарсы міндетті вакцинацияны енгізген Еуропадағы бірінші ел болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Сейсенбі, 1 ақпанда Аустрияда 18 жастан асқан барлық адам үшін COVID-19-ға қарсы вакцинацияны міндетті ететін жаңа заң күшіне енді. Бірнеше ел қарт адамдар мен медицина қызметкерлеріне міндетті деген шешімдерді енгізді, бірақ Аустрия мұндай қатаң шараларды қабылдаған ЕО-дағы алғашқы ел.

Аустрия үкіметі мұндай шараның қаншалықты "қатаң" екенін түсінетінін айтты. Сонымен қатар, адам өмірін сақтап қалу және пандемияны тоқтату үшін қажет екенін айтты. Заң ресми түрде 2024 жылдың қаңтарында аяқталады деп хабарланды. Бірақ ол ертерек тоқтатылуы да мүмкін. Наурыздың ортасына дейін құзырлы органдар вакцинация жағдайын тексермейді. Аустрия азаматтары екпеден бас тартса 600-ден 3600 еуроға дейін (шамамен 291 000-нан 1,7 миллион теңгеге дейін) айыппұл төлейді.

Аустриялықтардың шамамен 72 пайызы қазір коронавирусқа қарсы толықтай вакцина салғызған. Жүкті әйелдер мен денсаулығына қатысты қарсы көрсетілімі бар адамдар вакцинациядан босатылады. Бұған дейін Аустрия канцлері Карл Нехаммер бұл екпе егілмегендерге қарсы шайқас емес екенін, керісінше "вакцинация - бірге бостандықта өмір сүруіміздің ең жақсы кепілі" екенін баса айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети