1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

"Ауыр жағдайда жатыр". БАҚ Рамзан Қадыров коронавирус жұқтырғанын хабарлады23 мамыр 2020, 01:41

© youtube/Рамзан Қадыров © youtube/Рамзан Қадыров

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров коронавирус жұқтырып, ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Baza telegram-каналы.

Канал дереккөзінің мәліметінше, дәрігерлер Қадыров 2-3 апта бұрын, Урус-Мартановск ауданының ауруханаға жатқан басшысы Валид Абдурешидовтің жағдайын білуге барғанда жұқтырып алған. 

"Абдурешидов коронавирус жұқтырған, Рамзан Қадыров оны қолдауға барған. Алайда басшы үстіне атүсті жаба салған халаты мен жеңіл маска таққан, сақалы шығып тұрған. Ол тіпті науқасты құшақтаған. Бір аптадан кейін Рамзан Қадыров әлсірей бастаған. Алайда ол мұны ЖРВИ деп ойлаған. Осылайша уақыт өткізіп алған, енді Шешенстан басшысының өмірі үшін мәскеулік дәрігерлер күресіп жатыр", - делінген канал хабарламасында.

Алайда "Ахмат" футбол клубының бас директоры Ахмед Айдамиров РБК телеарнасына берген сұхбатында Қадыровтың Шешенстанда екенін және денсаулығы жақсы екенін мәлімдеді. 

"Оның жағдайы жақсы", - деді ол. 

Алайда Айдамиров Шешенстан басшысының жағдайы туралы мәліметі жеке пікірі екенін қоса айтты, себебі Қадыров ауруханаға жатқызылды деген хабар тарағаннан кейін ол республика басшысымен тілдеспеген. 

Қадыровтың Мәскеу ауруханасына жатқызылғанын 21 мамырда ТАСС, РИА Новости және "Интерфакс" агенттіктері хабарлады. Шешенстан басшысының баспасөз қызметі өкілдері оның денсаулығына қатысты пікір білдірмеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!