04 наурыз 2015 12:19

Австралияда 700-ге жуық коала өлтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Animals-km.blogspot.com ©Animals-km.blogspot.com

Австралия билігінің шешімімен 700 басқа жуық коала өлтірілді, - деп хабарлайды AFP. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жануарлардың шамадан тыс көбейіп кетуі олардың аштан қырылу қаупін туғызғаннан кейін осындай шешім қабылданған.   

Басылым Австралияда бұл жануарлардың саны бір гектарға 20 мың коаладан келетінін жазады. Виктория штатының қоршаған ортаны қорғау министрі Лиза Невиллдың (Lisa Neville) айтуынша, жануарлар Кейп Отуэй қаласының маңында өлтірілді. Ол мұндай шара қолға алынбаған болса, коалалардың аштықтан азаптанып өлетінін жеткізді. Сонымен қатар, 686 жануар денсаулығының нашар болуына байланысты жоюға іріктелді.  

Коалалар белгілі бір мекенде өмір сүруге дағдыланған, сондықтан оларды басқа аудандарға апарудың салдарынан олар бәрібір ортаға төзе алмай, ақыры қырылады. Бұған қарамастан, жергілікті құқыққорғаушылар үкіметтің бұл шешімін сынға алып, олардың үлкен қателікке барғанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети