27 маусым 2018 10:55

Әйелдер үшін ең қауіпті елдер тізіміне АҚШ еніп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: REUTERS/Enrique Castro-Mendivil Сурет: REUTERS/Enrique Castro-Mendivil

Үндістан әйелдер үшін ең қауіпті ел ретінде танылды, - деп хабарлайды Reuters агенттігі The Thomson Reuters қорының рейтингіне сүйеніп. 


Үндістан әйелдер үшін ең қауіпті ел ретінде танылды, - деп хабарлайды Reuters агенттігі The Thomson Reuters қорының рейтингіне сүйеніп. 

Рейтингті құруға 550-ден астам сарапшы маман қатысқан. 

Үндістан ең қауіпті ел ретінде бірнеше пункт бойынша танылды: сексуалдық зорлық-зомбылық пен қудалау қаупі, адам саудасы, соның ішінде күшпен еңбекке жегу, сексуалдық және үйдегі құлдық. 

Одан кейін бұл рейтингте Ауғаныстан. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, бұл елде әйелдер тәліптердің биліктен кеткеніне 17 жыл болса да, ауыр жағдайда. Ауғаныстан әйелдерге үш сала бойынша қауіпті: сексуалдық емес зорлық-зомбылық, денсаулық сақтауға және экономикалық ресурстарға қолжетімділіктің қиындығы. 

Үшінші орында Сирия. Жеті жыл азаматтық соғыс зардабын көрген бұл елде де денсаулық сақтауға қолжетімділіктің қиын, сексуалдық емес зорлық-зомбылықтың қаупі тым жоғары, бұл қақтығыстармен де байланысты және отбасындағы зорлық-зомбылық жоғары. 

Төртінші орында Сомали. Бұл денсаулық сақтауға қолжетімділіктің болмауы жағынан әйелдерге ең қауіпті елдердің үштігінде. Сомалидің мәдени дәстүрлері әйелдерге қаталдық танытуға рұқсат береді. Сонымен бірге, мұнда әйелдердің экономикалық ресурстарға қолы жетпейді. 

Бесінші орында Сауд Арабиясы. Сарапшылардың пікірнше, бұл елде әйелдер экономикалық ресурстарға қол жеткізе алмайды және кемсіту өте жоғары. Мұнда әйелдер діни және мәдени дәстүрге байланысты қауіпті жағдайда. 

Ары қарай Пәкістан, Конго, Йемен, Нигерия және АҚШ. Америка Құрама Штаттары бұл рейтингке әйелдерге қатысты сексуалдық зорлау қаупіне байланысты еніп отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети