10 қазан 2020 09:06

Әзербайжан мен Армения Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/ArmeniaMOD Фото: facebook.com/ArmeniaMOD

Әзербайжан мен Армения Қарабақтағы қақтығысты 10 қазан сағат 12:00-ден бастап тоқтату туралы келісімге келді. Бұл туралы Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Әзербайжан мен Армения Қарабақтағы қақтығысты 10 қазан сағат 12:00-ден бастап тоқтату туралы келісімге келді. Бұл туралы Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Лавров қақтығысты тоқтатудың нақты ережелері бөлек келісілетінін айтты. 

"Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы ЕҚЫҰ Минск тобының төрағаларының көмегімен бітімгершіліктің негізгі қағидаттары негізінде бейбіт келісімге тезірек жету мақсатында субстантивті келіссөздерді бастап жатыр", - деді Лавров.

Баку мен Ереван Қарабақта қақтығысты тоқтату күшіне енгеннен кейін қаза тапқандар мен тұтқындармен алмасуды бастауға келісті.

Ресейде, Армения және Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров, Зохраб Мнацаканян және Джейхун Байрамовтың Мәскеуде Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша келіссөздері аяқталды, кеңесу 10 сағаттан аса уақытқа созылды. Кездесу толығымен жабық форматта өтті, келіссөздер басталғанға дейін тараптар мәлімдеме жасаған жоқ.

"Тараптар келіссөздер процесі форматының өзгермейтінін растайды", - деді Лавров. 

Кездесу нәтижесінде бірлескен құжат келісілді.

Айта кетейік, 9 қазанда Армения мен Әзербайжан СІМ басшылары Ресейге кеңес үшін шақыртылған болатын. 

Еске салайық, 27 қыркүйекте Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжал қайтадан өршіді. Бұл жолы мойындалмаған Таулы Қарабақ аймағында екі ел арасында қақтығыс басталды. Таулы Қарабақ Республикасы Қарабақтағы бейбіт ауылдар, соның ішінде астанасы Степанакерт артиллериялық атысқа ұшырады деп хабарлады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети