Әзербайжан мен Армения Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісім бұзылғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзербайжан мен Армения Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісім бұзылғанын мәлімдеді © REUTERS

Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақтағы байланыс сызығындағы Тертер мен Агдам елді мекендеріне Арменияның қарулы күштері оқ атып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости


Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақтағы байланыс сызығындағы Тертер мен Агдам елді мекендеріне Арменияның қарулы күштері оқ атып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Келісімге байланысты Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтату режимі жергілікті уақыт бойынша 12:00-де тоқтауы керек болатын. Келіссөздерге Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысқан болатын. 

"Тертер мен Агдамға қарсылас тараптанн оқ атылып жатыр", - деп мәлімдеді қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ал Арменияның Қорғаныс министрлігі Әзербайжан тарапы атыс режимін бұзылды деп айыптады.  

Арменияның Қорғаныс министрлігінің өкілі Арцрун Ованнисян Әзербайжан қарулы күштерінің пилотсыз ұшу аппараттарының зымыран соққысы Капанға жақын Артсваник ауылына құлағанын айтты. Бір адам қаза тапты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети