21 ақпан 2017 19:02

Әзірбайжан бірінші вице-президенті жайлы не білеміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев әйелі Мехрибан Алиеваны бірінші вице-президент етіп тағайындады. Әзірбайжан Конституциясына сәйкес, бірінші вице-президент мемлекет басшысы өз міндеттерін атқара алмайтын жағдайда президент өкілеттігін алады. Tengrinews.kz редакциясы Әзірбайжан бірінші ханымы өзінің 52 жасында әлемдегі ең әдемі әрі тартымды әйелдің бірі жайлы мәліметтерді жинады.  


Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев әйелі Мехрибан Алиеваны бірінші вице-президент етіп тағайындады. Әзірбайжан Конституциясына сәйкес, бірінші вице-президент мемлекет басшысы өз міндеттерін атқара алмайтын жағдайда президент өкілеттігін алады. Tengrinews.kz редакциясы Әзірбайжан бірінші ханымы өзінің 52 жасында әлемдегі ең әдемі әрі тартымды әйелдің бірі жайлы мәліметтерді жинады.  

Мехрибан Ариф гызы Алиева 1964 жылы 26 тамызда Бакуде туған.

Оның атасы, Әзірбайжанның атақты жазушысы әрі әдебиеттанушысы Мир Джалал Пашаев Иранда туған.

1982 жылы Алиева Бакудегі № 23 орта мектепті алтын медальға аяқтап, Нариманов атындағы Әзірбайжан Мемлекеттік медициналық институтына түскен.

Оқып жүрген кезінде тұрмысқа шығып, екі бала тапқан.

1988 жылы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық институтын үздік тәмамдаған. 1988 жылдан 1992 жылға дейін Мәскеу көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеген.

1995 жылы өзі бастамашы болған Әзірбайжан мәдениеті қорының президенті болып сайланған.

Әзірбайжан мәдениетін кеңірек таныту мақсатында 1996 жылы Мехрибан Алиева "Азербайджан - Ирс" журналын (әзірбайжан, орыс және ағылшын тілдерінде) шығарған.

2002 жылы Мехрибан Алиева Әзірбайжан гимнастика федерациясының президенті болып сайланған. 

Қазіргі уақытта Мехрибан Алиева Гейдар Алиев қорының президенті. Гейдар Алиев атындағы қор 2004 жылы 10 мамырда ресми түрде ашылған.

2004 жылы 13 тамызда ауыз әдебиетіне және музыкалық мұраны сақтауға қосқан үлесі үшін Мехрибан Алиеваға ЮНЕСКО-ның елшісі атағы берілген.

2004 жылдан бастап "Йени Азербайджан" саяси партиясының мүшесі. 

2005 жылы Әзірбайжанда өткен әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша, ол "Жыл әйелі" атағын жеңіп алған. 

2005 жылы философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәреесін алған. 

2005 жылы 6 қарашада Милли Меджлисте өткен сайлауда Алиева "Йени Азербайджан" партиясынан ұсынылып, 92.12 пайызбен (23106 дауыспен) жеңіп, депутат атанған. 

Елдегі білім саласына, ұлттық-мәдени мұраға қосқаны үшін, ел мүддесіне жағымды пікір қалыптастырғаны үшін, гимнастикадан өткен 27-ші әлем чемпионатын жоғарғы деңгейде өткізгені үшін, қайырымдылық шараларын ұйымдастырғаны үшін Шыңғыс Мұсттафаев атындағы ұлттық қор мен ANS компаниясы Мехрибан Алиеваны "Жыл адамы 2005" атағын берген. 

2006 жылы Мехрибан Алиеваға мәдени-рухани құндылықтарды сақтағаны үшін БҰҰ алтын медалі тағылған. 2006 жылы 24 қарашада ИСЕСКО елшісі атағы берілген. 

2007 жылы 29 қаңтарда Женева қаласында Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының премиясы берілген. 2007 жылы мамырда "Алтын жүрек" премиясы берілген. 

2009 жылы 5 мамырда Әзірбайжан Республикасының президентінің жарлығымен Мехрибан Ариф гызына Гейдар Алиев атындағы Премиясы берілген. 

2009 жылы 14 қыркүйекте Әзірбайжан және Польша арасындағы достық қарым қатынасты орнатуға қосқан үлесі үшін Үлкен Командорлық Кресті ордені берілген. 

2010 жылы 10 ақпанда Франция президентінің жарлығымен Мехрибан Алиеваға Құрметті легион орденінің офицерлік дәрежесі берілген. 

 2010 жылы 30 шілдеде Алиеваға ЮНЕСКО "Алтын медалі" табыс етілген. 

2010 жылы 7 қарашада Милли Меджлис сайлауында 94.49 пайыз дауыс жинап, депутат болып қайта сайланған.

2011 жылы 24 шілдеде Мехрибан Алиеваға Кранс онтана форумының алтын медалі берілген, ал 2012 жылы 29 маусымда осы форумның Prix de la Fondation наградасы берілген. 

2012 жылы 13 ақпанда Мехрибан Алиева Ресей Федерациясының Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университетінің құрметті профессоры атағы берілген. 2012 жылы 13 сәуірде оған "Звезды Содружества" премиясы берілген.

2013 жылы 7 маусымда "Ени Азербайджан" партия төрағасының орынбасары болып тағайындалған. 

2016 жылы Еуропалық Олимпиада комитеті Әзірбайжан бірінші ханымына спорт пен олимпиадалық қозғалысқа қосқан үлесі үшін "қызметі үшін Орден" берген. 

Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев әйелі Мехрибан Алиеваны бірінші вице-президент етіп тағайындады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети