20 тамыз 2018 15:40

Әзірбайжан полициясы Mercedes-AMG көліктеріне отырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Әзірбайжан астанасына Mercedes маркалы автокөліктер жеткізілді. Енді олар Бакудегі жол-патрульдік полициясына қолданысқа беріледі, - деп хабарлайды 1news.az.


Әзірбайжан астанасына Mercedes маркалы автокөліктер жеткізілді. Енді олар Бакудегі жол-патрульдік полициясына қолданысқа беріледі, - деп хабарлайды 1news.az.

Баку полициясының иелігінде осындай 70 автомобиль болады. Портал мәліметінше, жол полициясы 2017 жылы шығарылған тағы бірнеше Mercedes C43 AMG нұсқасындағы көліктерді қолданады. 

Елдің Ішкі істер министрлігі жаңа көліктерде айыппұл төлеуге арналған POS-терминалдар мен электронды база мәліметі бар компьютер қондырғылары болатынын мәлімдеді. 

Mercedes-AMG C43 алты цилиндрлі моторының көлемі - 3 литр, онда 362 аттың күші бар және жеті сатылы автоматты беріліс қорабымен жабдықталған. 

Автомобиль сағатына 100 шақырымды 4,6 секундта алады. 100 шақырымға 11 литр жейді. Максималды жылдамдығы - сағатына 250 шақырым. 


www.1news.az

Автомобиль салонында радар мен бейнебақылау камералары орнатылады, олардың мәліметтері салондағы монитордан көрсетіледі. 


www.1news.az

Осыған дейін жергілікті полиция BMW және KIA маркалы автокөліктерді пайдаланып келді. Оларды Әзірбайжан аудандарында қызмет ететін мамандарға тапсырады. 

Портал мәліметінше, Әзірбайжан Mercedes-AMG C43 маркалы автокөліктерін жол-патрульдік полициясы қолданатын әлемдегі екінші ел екен. Бұл көліктерді бірінші болып Аустралия құқық қорғау органдары пайдаланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети