Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Әзірбайжан ұлттық валютасын еркін айналымға жіберді

21 Желтоқсан 2015, 13:36
5
© news.day.az
© news.day.az

Әзірбайжанның орталық банкі 21 желтоқсаннан бастап манат ұлттық валютасын еркін айналымға жіберді, - деп хабарлайды "Азери-Пресс" агенттігі елдің қаржы ведомствосына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, жаһан экономикасындағы күрделі процесстер Әзірбайжан экономикасына әсер етті. Негізгі себептердің бірі ретінде жетекші орталық банктердің соңғы шешімі, әлем нарығында энергия тасымалдаушыларына деген сұраныстың өсуі, сонымен қатар, мұнайды тұтынушы елдердің экономикалық өсімнің әлсіреуі аталып отыр. Осының бәрі 2014 жылдың маусымынан бері мұнай бағасының үш есе арзандауына әкеліп соққан. 

"Әзірбайжан экономикасы жаһан экономикасымен тығыз байланыста. Елдің сыртқы сауда балансының жағымды сальдосы мен өзге қайнарлардан келетін валюта түсімдері күрт азайып кетті. Елдің валюта нарығына және манат бағамына түсетін айтарлықтай қысымның пайда болуына байланысты биылғы ақпанда манат девальвацияға ұшырады. Экономика, валюта нарығы және манат бағамы мұнай бағасына 50-55 долларға бейімделді", - делінген Әзірбайжан Орталық банкі таратқан хабарда. 

Осы мәлімдемеден кейін Әзірбайжанда доллар мен еуроның ресми бағамы 18 желтоқсанмен салыстырғанда 47 пайызға өсті. Америкалық валюта енді 1,55 манатқа тең, бивалюталық себетке кіретін еуро 1,685 манатқа тең.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай