29 қаңтар 2020 14:29

БАӘ-де коронавирус жұқтыру дерегі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірікке Араб Әмірліктерінде коронавирус жұқтыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости. 


Бірікке Араб Әмірліктерінде коронавирус жұқтыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости. 

"БАӘ-де алғашқы коронавирус жұқтыру дерегі анықталды. Науқастың жағдайы бірқалыпты, ол дәрігерлердің бақылауында", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері де жазды. 

Министрлік өкілдері коронавирусты жұқтырған адамның кім екенін нақтыламады. 

Шуда коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі қытайлық пойыздан түсірілді

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған. Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 132-ге жетті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети