28 наурыз 2022 17:30

БАӘ Ресей мұнайы туралы: Ешбір мемлекет алмастыра алмайды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Ресей мұнайы энергетика нарығына қажет, оны ешбір өндіруші алмастыра алмайды. Бұл туралы Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика министрі Сухейль әл-Мазруи мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Ресей мұнайы энергетика нарығына қажет, оны ешбір өндіруші алмастыра алмайды. Бұл туралы Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетика министрі Сухейль әл-Мазруи мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Министр салалық шарада ОПЕК+ бірігіп, шоғырланып және саясаттың топты алаңдатуына жол бермеу керек екенін айтты.

"Мұнай нарығына ресейлік мұнай қажет, жеткізу бойынша оны ешбір мемлекет алмастыра алмайды", - деді министр.

Әл-Мазруидің айтуынша, БАӘ өндірісті тәулігіне 5 миллион баррельге дейін ұлғайтуға тырысып жатыр, бірақ бұл ел біржақты шешімдер қабылдап жатыр немесе ОПЕК+-тен шықпақшы дегенді білдірмейді.
 
Еске салайық, 18 наурызда Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Сауд Арабиясымен және БАӘ-мен келіссөздер қорытындысы бойынша мұнай өндіруді арттыру туралы келісімге қолжеткізе алмағаны хабарланған болатын. Сол кездесу алдында Джонсон әлем Ресейдің көмірсутек шикізатынан бас тартуы керек, сондықтан Сауд Арабиясы мен БАӘ осы ниетті жүзеге асыруға көмектесетін негізгі халықаралық серіктес бола алады деген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети