05 қаңтар 2020 09:26

Бағдатқа зымыранмен шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ирак астанасы Бағдаттың орталығында - басқа елдердің өкілдері орналасқан жерде жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 


Ирак астанасы Бағдаттың орталығында - басқа елдердің өкілдері орналасқан жерде жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Ирак қауіпсіздік органындағы дереккөздің айтуынша, зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. 

Сонымен қатар, Бағдаттың солтүстігінде америкалық әскерилер пайдаланған "Балад" әскери-әуе базасына да шабуыл жасалды. БАҚ мәліметінше, база аймағында "Катюшаға" ұқсас екі зымыран жарылған. 

Естеріңізге салсақ, 2 қаңтарда АҚШ Бағдат әуежайы аймағына зымыранмен соққы жасаған, салдарынан он адам қаза тапқан болатын. Олардың ішінде Иран генералы Касем Сулемани, Ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандис және Ислам революциясы күзеті корпусының төрт офицері болған. 

Иран генералдың өлімі үшін АҚШ-та кек алуға уәде берді. Ал Пентагон шабуылды АҚШ президенті Дональд Трамптың санкциялағанын айтты. Вашингтон қаза тапқан генералдың Бағдаттағы америкалық елшілікке жасалған шабуылға қатысы бар деп санайды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети