18 қыркүйек 2021 10:39

БАҚ Душанбеде өткен саммитке Путиннің келмеу себебін анықтады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Ресей, Қытай және Үндістан басшылары ауған мәселесі бойынша ШЫҰ ішіндегі елеулі қарама-қайшылықтарға байланысты Душанбедегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне келген жоқ. Кейбір саясаттанушылар осылай деп пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Московский комсомолец" басылымына сілтеме жасап.


Ресей, Қытай және Үндістан басшылары ауған мәселесі бойынша ШЫҰ ішіндегі елеулі қарама-қайшылықтарға байланысты Душанбедегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне келген жоқ. Кейбір саясаттанушылар осылай деп пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Московский комсомолец" басылымына сілтеме жасап.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди және Ресей президенті Владимир Путин Душанбедегі ШЫҰ саммитіне келмей, бейнебайланыс арқылы пленарлық отырысқа қатысқан.

Бұл формат Ресей, Қытай және Үндістанның келіспеушіліктерін жасырып, саммитті ең маңызды және өнімді бөлім - екіжақты келіссөздер мен көшбасшылар бейресми байланысын болдырмады, деп жазады басылым.

Айта кетейік, ресми нұсқа бойынша, Ресей президенті коронавирус жұқтырған қызметкерлермен байланыста болған. Сол себепті Душанбеге ұша алмаған: оның айналасында ондаған адам вирус жұқытрған. Дели мен Пекин саммитке мемлекет басшыларының келмеу себептерін түсіндірмеді.

"Егер Ауғанстан бойынша ШЫҰ-ға қатысушы елдердің ұстанымдарын талдайтын болсақ, онда шын мәнінде көптеген қарама-қайшылықтар бар. Қытай "Талибан" режимімен ынтымақтастықты жақтайтыны анық. Ашраф Ғанидің тұсында ауған экономикасына үш миллиард доллар салған және қазір айтарлықтай шығынға ұшыраған Үндістан бұған қарсы.

30 тамызда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Моди "Талибанға" бірқатар қатаң талап қойған Батыс елдерімен ынтымақтастық орнатты, ал Ресей мен Қытай тиісті қарар бойынша дауыс беру кезінде оны тым қатал деп санады. Ресейлік ұстаным Қытайға жақын. Бірақ Ауғанстан үшін Үндістанмен қарым-қатынасты бұзғысы келмейді.

Қытайдан басқа, "Талибан" қозғалысының билікке келуі Пәкістан мен Өзбекстанға толығымен сәйкес келеді. Ал Тәжікстан Панжшерді, яғни қарсылық ұйымын қолдауды жақтайды. Егер көшбасшылар тікелей сөйлессе, бұл қайшылықтарды жасыру мүмкін болмас еді, онда ШЫҰ саммиті қақтығыспен аяқталуы мүмкін еді. Алайда, гибрид формат бұл қауіптерді жоюға мүмкіндік берді", - делінген мақалада.

ШЫҰ саммитінде "Талибан" үкіметін мойындау бойынша бірыңғай позиция жұмыс істемеді, бірақ қатысушы елдердің көпшілігі Ауғанстанның жаңа билігімен байланыс орнатуды жақтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети