15 қаңтар 2023 14:29

БАҚ Непалдағы ұшақ апатында барлық жолаушы қаза тапқанын хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Непалдағы ұшақ апаты салдарынан барлық жолаушы мен экипаж мүшесі қайтыс болды. Бұл туралы Непалдың жергілікті билігі хабарлап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі News18 телеарнасына сілтеме жасап.

ATR 72 турбовинтті жолаушылар ұшағы жексенбіде Похара қаласының ескі және жаңа әуежайлары арасында апатқа ұшыраған болатын.

Жергілікті Yeti Airlines әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Катмандудан Похараға ұшқан еді. Әуекомпаниясы өкілінің мәліметінше, бортта 68 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған.

"Жергілікті билік органдары апатқа ұшыраған ұшақтың барлық жолаушысы мен экипаж мүшесі қаза тапты", - деді телеарна дикторы.

Оның алдында телеарна 45 жолаушы қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети