21 тамыз 2021 13:08

БАҚ Путиннің Орталық Азиядағы АҚШ әскеріне қатысты ұстанымын анықтады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ресей президенті Владимир Путин Женевада АҚШ президенті Джо Байденмен кездескеннен кейін Ауғанстанға көршілес елдерге америкалық әскер орналастыруға қарсы пікір білдірді. Бұл туралы Wall Street Journal мақаласында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Ресей президенті Владимир Путин Женевада АҚШ президенті Джо Байденмен кездескеннен кейін Ауғанстанға көршілес елдерге америкалық әскер орналастыруға қарсы пікір білдірді. Бұл туралы Wall Street Journal мақаласында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Автор Майкл Гордонның айтуынша, бұл Кремльдің Орталық Азия елдеріне өз ұстанымын сақтап қалуға деген ұмтылысынан туындайды. Бұл АҚШ-тың аймақта дрон қолдану мүмкіндігін шектеді.

"Бұл мәселе Ауғанстан үкіметі мен әскері күйрегеннен кейін ушығып кетті", - делінген мақалада.

Газет мәліметінше, енді америкалықтар Катардағы базалар мен Парсы шығанағында орналасқан кемелерді қолдануға мәжбүр болады, бұл операциялар құнын айтарлықтай арттырады.

Бұған дейін Америка Құрама Штаттары Өзбекстан мен Қырғызстандағы базаларын пайдаланған болатын. Бірақ база 2005 және 2014 жылдардан бері қолданылмаған.

Айта кетейік, 16 маусымда Женевада АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуі өткен болатын. Бұл бүкіл әлемдік қоғамдастықтың назарын аударған оқиға болды. Саммитте стратегиялық тұрақтылық, киберқауіпсіздік, сауда, Арктика, Сирия және басқа аймақтардағы жағдай талқыланды.

Әсіресе соңғы апталарда "Талибан" қозғалысы ірі қалаларды басып алғаннан кейін және елден америкалық әскер шығарылуына байланысты Ауғанстандағы жағдай күрделене түсті. Жексенбі күні содырлар Кабулға кіріп, президент сарайын бақылауға алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети