01 қараша 2018 09:11

Бала көтерген босқынды шалып құлатқан журналист ақталып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венгрияның Жоғарғы соты 2015 жылы қолында баласы бар сириялық босқынды шалып құлатқан журналисті ақтады, - деп хабарлайды Deutsche Welle.


Венгрияның Жоғарғы соты 2015 жылы қолында баласы бар сириялық босқынды шалып құлатқан журналисті ақтады, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Еске салайық, оқиға 2015 жылдың күзінде Сербияның шекарасында болған. Бірнеше оператор жүгіріп өтіп жатқан босқындарды түсіріп жатқан. Осы сәтте Петра Ласлоның қолында баласы бар ер адамды құлатқаны видеоға түсіп қалған. Желі қолданушылары журналистің бұл әрекет арқылы видеоны қызықты еткісі келгенін атап өткен болатын. Алайда ол жұмысынан шығарылып, ісі сотқа жолданған еді.

ЖС қаулысында төменгі инстанциядағы соттың шешімін шығаруда ереже бұзылғаны жазылған. Соттың пікірінше, Ласлоның әрекеті ар-ұятқа жат болған, алайда оны қылмыс деп санауға келмей, себебі әрекет құқықбұзушылыққа жатпайды. 

Судьялардың журналист қыздың бұл әрекетін қолдамайтынын, бірақ істі мерзімі өтіп кеткендіктен жабуды ұйғарғаны хабарланып отыр. 

2016 жылдың қыркүйегінде Венгрия прокуратурасының журналиске бұзақылық жасады деп айып таққаны хабарланған еді. Кейін ол үш жылға шартты түрде сотталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети