Барға кіргізбеген: АҚШ полицейлері Огайодағы атыс туралы айтты

04 Тамыз, 18:01
0
Барға кіргізбеген: АҚШ полицейлері Огайодағы атыс туралы айтты - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

АҚШ-тың Огайо штатындағы Дейтон қаласында болған атыстың мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinew.kz тілшісі Segodnya.ua сайтына сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша, Огайодағы қайғылы оқиға салдарынан кем дегенде тоғыз адам қаза тауып, 16 адам жараланған. Бұл туралы жергілікті полиция өкілі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Атыс Ned Peppers барының маңында болған. Сондай-ақ, қылмыскерді ол мекемеге кіргізбей қойғаннан кейін атыс шығарғаны белгілі. Ол мылтықттан бірнеше рет оқ атқан.

Қылмыскер қауіпсіздік күштерінің қызметкерін атқан. Оның жеке басы туралы мәлімет анықталмады. Полицицейлер әзірге тек бір күдікті бар екенін айтады.

Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді, олардың жағдайы туралы ақпарат әзірше жоқ.

Оқиға болған жерде құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Көрші аудандардың тұрғындарынан бұрынғысынша абай болуды, үйден аса қажетті шаруа болмаса шықпауларын сұрайды.

Бұған дейін бейтаныс ер адам Дейтон қаласында атыс шығарғаны мәлім болған. Бұл бір тәулікте АҚШ-та болған екінші төтенше жағдай. Біріншісі 3 тамызда Техас штатының Эль-Пасо қаласының сауда орталығында болды. Салдарынан 20 адам қаза тапты. Оқ атқан 21 жастағы жігіт болып шықты.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай