"Батаклан" театрында терактілерден кейін түсірілген алғашқы кадрлар жарияланды

16 Қараша 2015, 09:32
0
"Батаклан" театрында терактілерден кейін түсірілген алғашқы кадрлар жарияланды - © Мirrorpix.com/Getty
© Мirrorpix.com/Getty

Жексенбі күні әлемдік БАҚ Париждегі террорлық әрекеттен кейінгі "Батаклан" театрының іші түсірілген алғашқы кадрларды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суреттен қаза тапқандардың денесі мен қанға боялған интерьерді көруге болады. 

Ескерту, психикасы әлсіз адамдарға және балаларға көруге тыйым салынады!


Фото: mirrorpix.com

Жексенбіде Интернетте "Батаклан" театрының ішінде, Eagles of Death Metal тобының қойылымы кезіндегі шабуыл түсірілген видео да жарияланды. Кадрдан топ ән айтып жатқан кезде атыстың дауысы шыққанын естуге болады.

Тағы бір видеода терроршылардың полицейлермен атысқан сәті бейнеленген.

Ұялы телефонға түсірілген тағы бір видео жарияланды. Кадрдан жараланғандар көрінген, адамдардың айғайлаған дауысы да естіледі.

Соңғы ақпарат бойынша, Францияда болған бірнеше террорлық актіден 129 адам қаза тауып, 352 адам жараланған. Белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды.

"Батаклан" театрының өзінде 90 адам қаза тапты. Олардың ішінде Бельгия, Румыния, Тунис, Испания, Швеция, Португалия, АҚШ және ресейлік бір азамат бар. Террорлық актілерді ДАИШ ұйымы мойнына алды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай