01 қаңтар 2022 10:31

Байден мен Путиннің келіссөздері: саясаттанушылар пікірі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Америкалық сарапшылар мен саясаттанушылар "Америка дауысы" радиосына берген сұхбатында АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Америкалық сарапшылар мен саясаттанушылар "Америка дауысы" радиосына берген сұхбатында АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме барысында Байден Путинге Ресей Украинаға басып кіретін болса, АҚШ пен оның одақтастары күрделі экономикалық санкциялар салатынын тағы да ескерткен еді.

Путин оған ескертуімен жауап беріп, мұндай қадамнан АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынас толық үзілуі мүмкін екенін айтты.

Америкалық кәсіпкерлік институтының талдаушысы Леон Аронның айтуынша, Путин екі жылдан кейін өтетін негізгі сайлау қарсаңында күшін көрсетеді.

"Путин төтенше жағдайды тудырады. Егер мұқият қарасаңыз, риторика бірдей: бірі соғыс ашпақшы, бірі Украинаға басып кірмекші. Шамасы, Ақ үй бұған көнеді. Бұрын бірнеше рет жазғанмын және айтып жүрмін, Путин қазір Украинаны басып алмайды. Ол аудиторияға ойын көрсетіп отыр. Мұның бәрі Путин ойнайтын ойынның бөлігі және менің ойымша, бұл кем дегенде 2024 жылғы сайлауға дейін жалғасады", - деп түсіндірді Арон.

Джорджтаун университетінің Еуразия, Ресей және Шығыс Еуропаны зерттеу орталығының құрметті директоры Анджела Стент Кремль ешқандай пайдасы болмайтынын біле тұра Ақ үймен келіссөз жүргізуге қолжеткізді деп санайды.

"Менің ойымша, Путин Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары Ресейге көп көңіл бөліп, оның алаңдаушылығын байыппен қабылдайды деп сенгісі келеді. Сонымен қатар, ресейлік өкілдер ешбір жағдайда олардың барлық талабы қабылданбайтынын түсінетініне сенімдімін: НАТО ешқашан Ресейге НАТО шешімдеріне вето қою мүмкіндігін бермейтіні сияқты, Украинаға альянсқа мүшелік берілмейтінін ешқашан жарияламайды. НАТО-ның бұрынғы КСРО елдерінен ғана емес, сонымен қатар америкалық Зымыранға қарсы қорғаныс элементтері орналасқан Польша немесе Румыния сияқты бұрынғы Шығыс блок мемлекеттерінен өз күштері мен құралдарын шығаруға келісуі екіталай, тіпті мүмкін емес. Бұл болмайды", - деді саясаттанушы.

Лос-Анджелес университетінің саясаттану профессоры Дэниел Трейсман екі көшбасшы арасындағы әңгіменің екі мүмкін мәні бар екенін болжайды.

"Біріншіден, әңгімелесу барысында жария етілмеген мәселелер бойынша ақпараттар мен ұстанымдар алмасу болды. Өйткені, олардың әңгімесінің ашық жарияланған тақырыптары алдын ала белгілі болған және жаңа ештеңе болған жоқ – егер тек осы әңгіме болса, менің ойымша, 50 минут босқа кеткен сияқты. Сондықтан олар ашық мәлімдемелерден басқа маңызды нәрсе туралы сөйлескен болуы мүмкін ", - деді сарапшы.

"Тағы бір нұсқа. Путин әлемдік аренадағы басты ойыншылардың бірі болып қала беретінін көрсетуі керек еді, ол АҚШ президентінің назарын аудара алады, ол оған байыпты қарайды және болашақ туралы сөйлесуге дайын", - деп жалғастырды Трейсман.

Егер мұндай демонстрация мақсат болса, саясаттанушы оның сәтті болғанына күмән келтіреді.

"Бұл Путиннің мақсаты болуы мүмкін, бірақ менің ойымша, бұл оған ресейліктерді әлемдік саясатта өте маңызды ойыншы екеніне сендіруге көмектеспеді. Егер АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлесудің жалғыз құралы - 200 мыңдық әскери күшті Украина шекарасына ауыстыру болса, бұл өте қиын қадам болып көрінеді", - деді басылымның ақпарат көзі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети