14 қараша 2022 17:21

Байден мен Си Цзиньпин кездесті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Индонезияда өтіп жатқан G20 саммиті аясында АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин келіссөз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.


Индонезияда өтіп жатқан G20 саммиті аясында АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин келіссөз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Екі лидер қол алысып амандасты. Екіжақты кездесуде Байден мен Си маскасыз, ал бөлмедегі басқа шенеуніктер маска таққан.

"Екі елдің көшбасшылары ретінде мен Қытай мен АҚШ келіспеушіліктерді реттей алатынын, бәсекелестіктің тіпті жанжалға жақын нәрсеге ұласуына жол бермей, өзара ынтымақтастығымызды қажет ететін өзекті жаһандық мәселелерде бірлесіп жұмыс істеу жолдарын таба алатынын көрсету жауапкершілігін бөлісеміз деп ойлаймын", - деді Байден.

Си Цзиньпиннің айтуынша, әлем екі мемлекет басшыларының маңызды кездесуін бақылап отыр.

"Қазіргі уақытта Қытай-Америка қарым-қатынасы осындай жағдайда, бұл бәрімізге өте маңызды, өйткені бұл еліміз бен халықтарымыздың негізгі қызығушылығы емес және бұл халықаралық қауымдастық бізден күткен нәрсе емес", - деді Си Цзиньпин.

Байденге мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен, қаржы министрі Джанет Йеллен және АҚШ-тың Қытайдағы елшісі Николас Бернс кірген топ еріп жүрді.

Си Цзиньпинмен бірге Қытай Коммунистік партиясы бас әкімшілігінің директоры Дин Сюэсян мен сыртқы істер министрі Ван И барды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети