15 ақпан 2021 09:54

Байден Трамптың импичментте ақталуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS© REUTERS©

АҚШ президенті Джо Байден Дональд Трамптың импичментте ақталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап.


АҚШ президенті Джо Байден Дональд Трамптың импичментте ақталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-тың жаңа басшысы экс-президент Дональд Трамп импичмент ісінде ақталғанымен, оның бүлікке итермелеудегі кінәсі күмән келтірмейтінін мәлімдеді.

"Соңғы дауыс беру нәтижесі айыптауға жеткізбесе де, оның мәні өзгеріссіз қалады. Үкім шығаруға қарсы шыққандар да, мысалы сенаттың азшылық лидері Макконнелл Дональд Трампты "ұят қылығы" үшін кінәлі деп санайды", - деді Байден Трамптың импичментіне дауыс берген 57 сенатордың жетеуі республикашыл партиядан екенін еске салып.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Капитолийге жасалған шабуылды Америка тарихындағы қайғылы оқиға деп атады, бұл демократияның нәзік екенін және оны қорғау керегін еске түсіретінін мәлімдеді. Ол "Америкада зорлық-зомбылық пен экстремизмге жол жоғын" есте сақтауға шақырды.

Ал Трамп сәтсіз импичмент процесін "жалмауыз кемпірлерге аңшылық" деп атады, ол "Америка ұлылығын арттырудағы жолын жалғастыруға" уәде берді.

Еске салайық, 13 ақпанда импичмент жақтаушылары республикашыл сенаторларды бұрынғы президент 6 қаңтарда Конгресте болған бүлікке кінәлі деп сендіре алмады. Трампқа үкім шығаруға 57 сенатор, оның ішінде жеті республикашыл дауыс берді және 43 заңшығарушы қарсы шықты. Айыптау үкімін бекіту үшін сенаторлардың кемінде үштен екісі, яғни 60 адам дауыс беруі керек еді. Осылайша Трамп ақталып шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети