13 мамыр 2021 17:27

"Байсалды, жақсы оқушы" - мектеп директоры қазандық атқыш туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Қазанда №175 мектепте атыс шығарған Ильназ Галявиевті мұғалімдері жақсы оқыған, тәртіпті оқушы ретінде сипаттады. Оның тарапына ерекше шағымдар болмаған. Бұл туралы мектеп директоры Әмина Валеева айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Қазанда №175 мектепте атыс шығарған Ильназ Галявиевті мұғалімдері жақсы оқыған, тәртіпті оқушы ретінде сипаттады. Оның тарапына ерекше шағымдар болмаған. Бұл туралы мектеп директоры Әмина Валеева айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ол мектепті 2016 жылы бітірген. Сол кезде ЖКК (жеке күзет кәсіпорны - ескерт.) болған. Бұл жағдайға мектептің қатысы жоқ. Ол 9-сыныпқа дейін оқып, кейін колледжге түсті... Оны сынып жетекшісі де, мұғалімдері де байсалды, жақсы оқушы ретінде сипаттады. Ерекше шағым болған жоқ", - деді Валеева тілшілерге.

Мектеп директоры Галявиев ешқандай есепте тұрмағанын айтты.

Татарстан астанасындағы № 175 мектепте 11 мамырда таңертең атыс болып, нәтижесінде тоғыз адам, оның ішінде жеті бала мен екі мұғалім - ағылшын тілінің 25 жастағы мұғалімі Эльвира Игнатьева және бастауыш сыныптың 55 жастағы мұғалімі Венера Айзатова қайтыс болды. Татарстан президенті Рустам Минниханов бұрынғы студент 19 жастағы Ильназ Галявиев атысты ұйымдастырғанын айтты. Оның атына қару тіркелген.

Ильназ Галявиев кінәсін сотта толық мойындады. Оған Ресей Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Адам өлтіру" бойынша айып тағылды. Қазандағы сот Галявиевті екі айға қамауға алды.

Сонымен қатар, Галявиевтің кінәлі екенін қоғамдық Telegram-арнасы да көрсетеді. Гимназияда атыс шығарған ол өзінің жоспары туралы оқиға болардан 20 минут бұрын хабарлаған екен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети