11 мамыр 2021 18:43

9 адам қаза тапты - Татарстан президенті мектептегі атыс туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Татарстан астанасындағы мектепте болған атыстан қаза тапқандар саны тоғызға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.


Татарстан астанасындағы мектепте болған атыстан қаза тапқандар саны тоғызға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Татарстан президенті Рустам Минниханов тоғыз адам қаза тапқанын мәлімдеді.

"Біз жеті баладан айырылдық, сегізінші сынып оқушылары: төрт ұл мен үш қыз. Сонымен қатар, бір мұғалім мен әйел қызметкерден айырылдық", - деді мемлекет басшысы. 

Миннихановтың айтуынша, 18 оқушы балалар клиникалық ауруханасында жатыр.

"Өкінішке қарай, оқтан жараланғандар да, сүйегі сынғандар да бар. Дәрігерлер балаларымыздың өмірін сақтау үшін барлығын жасап жатыр. Екі ересек жетінші ауруханада, ал біреуі республикалық клиникалық ауруханада жатыр. Оларға да оқ тиген" - деді республика басшысы.

Бұған дейін ресми түрде жеті адам қайтыс болғаны хабарланған еді. 

"Мәйіттердің жанынан өттік". Қазанда атыс болған мектеп оқушылары мән-жайды айтты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети