13 мамыр 2021 12:21

Қазан мектебіндегі қантөгіс: зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Қазанда №175 мектептегі атыс кезінде зардап шегіп, Татарстан Республикалық балалар клиникалық ауруханасына түскен 14 баланың жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы президент баспасөз қызметінің жетекшісі Лилия Галимова мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости.


Қазанда №175 мектептегі атыс кезінде зардап шегіп, Татарстан Республикалық балалар клиникалық ауруханасына түскен 14 баланың жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы президент баспасөз қызметінің жетекшісі Лилия Галимова мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қазан ауруханаларына зардап шекен 23 адам: 20 бала және үш ересек адам жеткізілген. Татарстан Денсаулық сақтау министрлігі мәліметі бойынша, сәрсенбіде бес бала мен үш ересек адам Мәскеуге федерал клиникаға жеткізілген. Жеңіл дәрежеде миы шайқалып, беті жарақаттанған бір бала тұрғылықты жері бойынша дәрігерлер қадағалауымен стационардан шығарылды. Осылайша Татарстан Республикалық балалар клиникалық ауруханасында 14 бала ем алуды жалғастырып жатыр.

"Ауруханада емін жалғастырып жатқан 14 баланың жағдайы тұрақты деп бағаланды. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Галимова.

Оның айтуынша, балалар тәулік бойы медициналық бақылауға алынған.

Татарстан астанасындағы № 175 мектепте 11 мамырда таңертең атыс болды. Оны бұрынғы студент 19 жастағы Ильназ Галявиев ұйымдастырған. Нәтижесінде тоғыз адам, оның ішінде жеті бала мен екі мұғалім - ағылшын тілінің 25 жастағы мұғалімі Эльвира Игнатьева және бастауыш сыныптың 55 жастағы мұғалімі Венера Айзатова қайтыс болды. Атыс шығарған жасөспірім ұсталды. Жауап алу кезінде ол "бәрін жек көретінін" айтқан.

Ильназ Галявиев кінәсін сотта толық мойындады. Оған Ресей Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Адам өлтіру" бойынша айып тағылды. Қазандағы сот Галявиевті екі айға қамауға алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети