11 мамыр 2021 18:34

"Мәйіттердің жанынан өттік". Қазанда атыс болған мектеп оқушылары мән-жайды айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Қазанда атыс шаққан мектепте болған оқушылар мен олардың ата-анасы оқиға туралы, сондай-ақ эвакуация қалай өткенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазанда атыс шаққан мектепте болған оқушылар мен олардың ата-анасы оқиға туралы, сондай-ақ эвакуация қалай өткенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

№ 175 мектеп оқушысы Айдар (аты өзгертілген. - ескерт.) оқыс оқиғасы туралы мектеп директоры ескерткенін айтқан.

"Оқиға сағат 09.20 шамасында басталды. Біз үшінші қабатта отырғанбыз. Мектеп радиосынан директор бәрімізге сыныпта қалып, есікті жуып алуды ескертті. Кейін жарылыс пен атыс дыбысы естілді. Екі рет ок атылды. Бірінші қабат қирады. (...) Полиция келді, өрт сөндірушілер бізді алып кетті. Бірнеше адам қаза тапты, біз олардың жанынан өттік", - делінген "Москва 24" басылымында оқушылар сөзінен.

Қылмыскердің серіктесі болғаны туралы ақпарат әлі анықталған жоқ. Ресми билік өкілдері тек бір атқыш туралы ақпарат жариялады.

"Жарылыс пен атысты естігенде, көп бала терезеден секіре бастады", - деген студенттердің бірі жергілікті Tatar-inform агенттігіне.

"Бизнес Online" Telegram-арнасы атыс кезінде жараланған екі баланың әкесінен жағдайдың егжей-тегжейін сұраған.

"Менің балаларым сол жерде оқиды. Біреуі жарақат алды. Қабырға тұсы жарақаттанған. Екінші балам оқиғадан абдырап қалған. (...) Жарылыс, атысты естіген", - дейді ер адам.

"Алдымен жарылыс дыбысын естідік, кейін қаруы бар адам сыныптарды аралай бастады. Бәрін атты. (...) Бетперде таққан. Ашулы болды", - деді тағы бір оқушы.

"Медиазона" басылымына сол сәтте мектеп жанында күтіп отырған бесінші және бірінші сынып оқушыларының сөзін олардың ата-анасы жеткізген.

"Жарылыс болды. Мектептен тыс жерге эвакуация жасау керегі айтылды. Біз асханада болғанбыз. Онда далға шығатын есік болды. Сол жер қашып шықтық. Бірінші қабатты оң жағынан көргенде қатты қорықтым. Онда әпкем бар екенін білетінмін. Ол үшін және өзім үшін қатты қорықтым. Ол шықты, бірақ үйге қайта алмадық. Кілт мектепте қалды", - деді қыздардың бірі.

"Сыныпта отырғанда алдымен гүрсілдер естілді. 25 оқушы мен мұғалім болғанбыз. Содан кейін директор радиодан есіктерді жапсын деді. Біз жауып алдық, кейін бәрі тынышталған соң шығуға болады деп ойладық. Сыныпты аштық, қарасақ барлық әйнек сынған, біреу бұрыштан тапаншамен атып шықты. Түрін көрмедік. Ақ па, көк пе худи киіп алған. Біз есікті жауып үлгердік, ол: "Бұл полиция, сіздерді кепілдікте ұстап отыр ма?" деп сұрады. Біз "иә, иә, ұстап отыр" дедік. Ол: "Қазір босатамыз" деп есікті ұрғылай бастайды. Содан кейін дәлізге шын полиция келегендей болады, ол қашуға тырысады. Сосын жүгіріп бара жатып оқ ата бастайды, есікке тиді. Содан кейін біреу бізге: "Ашыңдар, бұл полиция", - деді. Анықтамасын көрсеткен соң ғана аштық, сөйтіп ол бізді шығара бастады. Содан кейін 20 адам қайтыс болды, зардап шекті деп жатыр", - деді екінші қыз.

Жергілікті Tatar-inform агенттігі атыс болған гимназияда орыс тілінен сабақ беретін мұғалімнің сөзін жариялаған.

"Екінші сабақтың басында жарылыс дыбыстары естілді. Барлық мұғалім балаларды сыныпқа кіргізіп, есігін жапты. Атыс үшінші қабатта болды. Екінші сабақтың соңында балалар мен мұғалімдерді Ресей гвардиясы далаға шығара бастады".

Айта кетейік, 11 мамырда Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарып, балалар зардап шекені хабарланған болатын. 

Бұған дейін URD_news Telegram-арнасы ықтимал күдікті Ильназ Галявиевтің суретін жариялаған еді. Telegram-арнасының болжамы бойынша, күдікті парақшасында қоқаң-лоққы сипатындағы жазба жариялаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети