Белгісіз біреулер Тәжікстанның шекара бекетіне шабуылдады: 17 адам қаза тапты

06 Қараша, 10:58
0
Белгісіз біреулер Тәжікстанның шекара бекетіне шабуылдады: 17 адам қаза тапты - © РИА Новости
© РИА Новости

20 адамнан құралған қарулы топ тәжік-өзбек шекарасындағы "Ишкобод" бекетіне шабуыл жасады, олардың 15-і қаза тауып, бесеуі ұсталған. Операция кезінде Тәжікстан тарапынан екі қызметкер қаза болды, - деп хабарлайды РИА Новости

"Түнде 20 адамнан құралған, маска киген топ ұрыс қаруымен Өзбекстанмен шекарада, Душанбенің батысында 60 шақырым жердегі "Султанабад" шекара жасағы әскери бөлімінің № 4 "Ишкобод" шекара бекетіне шабуылдады", - деді агенттік өкілдері. 

Шабуыл барысында белгісіз топ бес автоматты алып үлгерген. "Күш құрылымының операциясы барысында қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды, бесеуі ұсталды. Қарулы қақтығыста шекара әскерінің сарбазы мен бір милиционер қаза тапты", - деді Тәжікстан ұлттық қауіпсіздігінің мемлекеттік комитетіндегілер. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы құрылды, тергеу жүріп жатыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай