1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Бейжіңде коронавирусқа байланысты үйлену тойы мен жерлеу рәсімін өткізуге тыйым салынды

Бейжің билігі коронавирусқа байланысты жерлеу рәсімін өткізуге және 2.02.2020 күніне белгіленген үйлену тойын ұйымдастыруға тыйым салды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бейжің әкімшілігінің азаматтық басқармасының басшысы Ли Ваньцзюн баспасөз конференциясында адамдарды ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне тыйым салынғанын айтты. 

"Бүгінде Бейжіңде 12 жерлеу рәсімін ұйымдастыру бюросы бар, олар өз жұмысын тоқтатты. Себебі жерлеу рәсіміне ондаған, жүздеген адам қатысады, мұндай жиындар вирустың таралуына түрткі болуы мүмкін", - деді ол. 

Көптеген бейжіңдік отау құрғалы жүрген жастарға да өз жоспарын өзгертуге тура келеді. 2020 жылы 2 ақпанда - бұл Қытайда отау құру үшін сұранысқа ие мерзім. Қытай тілінде бұл "мен сені сүйемін, сүйемін сені" деген мағына береді және тек мың жыл сайын келеді. 

"Қала билігінің рұқсатымен, барлық органдар, қаладағы неке құру мекемелері, 2.02.20-ға белгіленген отау құру өтініштерін кейінге шегереді", - делінген әкімшілік сайтында. 

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

Жергілікті денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, 2019-nCoV құрбандарының көбі вирус ошағы Хубейде. Қала бойынша қаза тапқандардың саны 162-ге жеткен. 

30 қаңтардағы жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 170-ке, ал вирус жұқтырғандардың саны әлем бойынша 7711-ге жетті. Оның көбі Қытайда.

Вирусты Қытайдың барлық қаласының тұрғындары жұқтырған, оның ішінде Тибет те бар. Қытайлық дәрігерлердің сөзінше, коронавирусты тоғыз мыңға жуық адам жұқтырған. 

БАӘ-де коронавирус жұқтыру дерегі анықталды

Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты

ШҚО-да ұшақ өртенді