Билл Гейтс пандемияға қатысты жаңа болжам жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Microsoft негізін қалаушысы Билл Гейтс әлемдегі коронавирус пандемиясы 2022 жылдың соңына дейін аяқталмайтынын айтты. Миллиардердің айтуынша, вирустың таралуын вакцинация тоқтатады. Бұл туралы ол TVN24 телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Microsoft негізін қалаушысы Билл Гейтс әлемдегі коронавирус пандемиясы 2022 жылдың соңына дейін аяқталмайтынын айтты. Миллиардердің айтуынша, вирустың таралуын вакцинация тоқтатады. Бұл туралы ол TVN24 телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тілшінің сұрағына жауап бере отырып, Билл Гейтс бүкіл әлемдегі шектеулер барлық мемлекет COVID-19-дан толық арылғанша сақталады деп мәлімдеді.

"2021 жылдың соңына дейін вакцинация деңгейі жоғары болуы мүмкін, сондықтан коронавирус жұқтыру дерегі азая бастайды. Дегенмен толық жойылып кетпейді. Бірақ бүкіл әлем пандемиядан арылғанша, маска тағу және көп адамның жиналуына тыйым салу сияқты шектеулер қала береді", - деді ол.

Билл Гейтстің айтуынша, әлем 2022 жылдың соңына қарай қалыпты өмірге оралады.

Сонымен қатар, ол пандемияға қатысы бар деген қауесетті тағы да жоққа шығарды және әлемде болып жатқан оқиғаларды қастандық деп санайтын адамдарға жауап берді.

"Мұның бәрін қастандық деп санап, маска тақпайтын немесе вакцинациядан бас тартатын адамдарды түсінбеймін",-деді миллиардер.

Бұған дейін Билл Гейтс пандемия бүкіл әлемде аяқталуы үшін адамдар жеткілікті жұмыс істеп жатқан жоқ деп мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.9  course up  579.38  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer