18 ақпан 2021 12:40

Билл Гейтс вакцинаның үшінші дозасы қажет болуы мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс COVID-19 жаңа штамдарының пайда болуына байланысты вакцинаның үшінші дозасы қажет болуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WTRF порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы кәсіпкер америкалық CBS телеарнасына берген сұхбатында айтты. Миллиардер мұндай болжамдарды вакциналар Оңтүстік Африка мен ұлыбританиялық штамдардың алдын алуда тиімсіз болғандықтан айтты. Гейтстің сөзінше, АҚШ-та қазір вакцина болашағы туралы сұрақтар талқыланып жатыр.

"Екі рет егілген адамдарға үшіншісі қажет болуы мүмкін. Менің ойымша, коронавирустың бұл штамдары елге жеткенде, олардан қорғалатынымызға сенімді болу үшін бізде вакцинаның жетілдірілген түрі болуы мүмкін", - деді Гейтс. 

Оның айтуынша, қазіргі вакциналармен коронавирус жойлылмаса, болашақта қосымша екпе қажет болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети