01 қазан 2020 10:59

"Борат" авторлары Twitter-де Қазақстан үкіметінің жалған парақшасын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин  "Борат" фильмі Скрин "Борат" фильмі

"Борат" фильмін түсірушілер Twitter-де Қазақстан үкіметінің жалған парақшасы ашқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Indiewire.com сайтына сілтеме жасап.


"Борат" фильмін түсірушілер Twitter-де Қазақстан үкіметінің жалған парақшасы ашқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Indiewire.com сайтына сілтеме жасап.

БАҚ-тың хабарына қарағанда, Саша Барон Коэн сиквелі осындай маркетингтік қадамға барған.

29 қыркүйекте президент дебатына дейін желіде видео пайда болған. Онда президент сайлауында Дональд Трамптың жеңіске жеткені көрсетілген. Видеодан Бораттың даусын естуге болады.

"Дональд Трампты дебаттағы жеңісімен құттықтаймыз! Мықты премьер үшін жақсы нәтиже. Ол Қазақстан мен Американы әрдайым бірінші орынға қояды", - делінген жазбада.

Жазбаның авторы АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байденді де мазақтаған.

"Байдендікі дұрыс емес. Маска тағу COVID-19-дан қорғамайды, тиімсіз. Бетті қорғаудың жалғыз әдісі - уринотерапия. Терапияның тиімді болғаны соншалық, оны (Трамп - ескерту) бизнес шығындары ретінде көрсеткен", - делінген жазбада.

Айта кетейік, "Борат" фильмінің жалғасы АҚШ-тағы президент сайлауының алдында шығатыны хабарланған еді. Фильм Amazon платформасында көрсетіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети