Бостондағы теракт: АҚШ-та қазақстандық Диас Қадырбаев түрмеден босатылды

30 Тамыз 2018, 13:00
0
Бостондағы теракт: АҚШ-та қазақстандық Диас Қадырбаев түрмеден босатылды - © Twitter/@BostonGlobe
© Twitter/@BostonGlobe

АҚШ-та Бостондағы лаңкестікті ұйымдастыру шараларына қатысы бар деген айыппен сотталған Қазақстан азаматы Диас Қадырбаев түрмеден шықты, ол енді отанына экстрадициялауды күтіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Boston Globe басылымына сілтеме жасап. 

Басылымның хабарлауынша, Диас Қадырбаев түрмеден шықты және ол АҚШ көші-қон және кеден полициясының (ICE) бақылауында Қазақстанға экстрадициялануын күтіп отыр.

Еске сала кетейік, 2 маусымда АҚШ-та қазақстандық студент Диас Қадырбаев 2013 жылдың сәуірінде Бостон марафонының мәресінде болған лаңкестіктің тергеу жұмыстарына кедергі келтірді деген айыппен сотталды. Бостон аймақтық соты Диас Қадырбаевты 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сотта Диас Қадырбаев лаңкестік жасады деген күдікті Джохар Царнаевты таныған кезде полицияға хабарламағанын айтты.

Сонымен қатар, ол жатақханада Царнаевтың бөлмесінен тергеуге қажетті заттарды жинап тастағанын да мойындады. "Мен соншалықты ақымақтық істегеніме сене алар емеспін", - деді ол. 

Айта кетейік, Диастан бөлек Царнаевпен тағы бір қазақстандық жігіт таныс болған. Ол - Азамат Тажаяқов. Қазақстандық екі жігіт сот үкімі шыққанша жаза мерзімінің жартысын өтеп тастаған. Диас алты, Азамат үш жылға сотталған болатын. 2016 жылы жазда Тажаяқов бостандыққа шығып, отанға оралды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай