14 қыркүйек 2014 10:53

Бразилияда үш ата-анасы бар бала тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 materinasametku.ru сайтынан materinasametku.ru сайтынан

 Бразилия тарихында бірінші рет үш ата-анасы бар бала тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz BBC-ге сілтеме жасай отырып.Олардың үшеуінің де аты-жөндері сәбидің туу туралы куәлігіне жазылды. 


 Бразилия тарихында бірінші рет үш ата-анасы бар бала тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz BBC-ге сілтеме жасай отырып.Олардың үшеуінің де аты-жөндері сәбидің туу туралы куәлігіне жазылды. 

Мұндай қазақ жағдай Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул деп аталатын оңтүстік штатында болған еді. Баланы тіркеуде үш ата-анасын бірдей жазу туралы шешім қабылдаған сот төрағасы өзінің бұл шешімі басқа мемлекеттік инстанцияларға үлгі болу керек деп отыр. 

Баланың туу туралы куәлігінде оның биологиялық ата-аналары және анасының жұбайы жазылған. Екі әйел осыдан екі ай бұрын некелерін қиған екен. Ал баланың әкесі олардың жақын достары. Әкесі баласының тәрбиесіне атсалысатынын айтып отыр. Сот өз шешімін оқу барысында баланың махаббат пен жылуға толы отбасында өсетініне сенім  білдірді. 

Бұған дейін 2015 жылы Ұлыбританияда үш ата-анасы бар бала тіркелуі мүмкін екендігі айтылған. Және бұл тек қағаз жүзінде ғана емес биологиялық ата-аналар. Бұл елде екі әйел мен бір еркектің эмбрионын біріктіру туралы заң мақұлдануы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, мұндай әдіс баланы митохондриялық аурулардан сақтандыруға негізделген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети