03 наурыз 2022 09:36

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 116 доллардан асты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Brent мұнайының бағасы барреліне 116 доллардан асты. Бұл ақпарат Лондон биржасының сауда-саттық деректері бойынша расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Brent мұнайының бағасы барреліне 116 доллардан асты. Бұл ақпарат Лондон биржасының сауда-саттық деректері бойынша расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09.10-дағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 10,87 пайызға өсіп, барреліне 116,38 доллар болды.

Сәуірдегі WTI фьючерстері 9,55 пайызға өсіп, 113,29 долларға дейін өсті.

24 ақпанда 2014 жылдың қыркүйегінен бері алғаш рет барреліне 100 доллардан, 2 наурызда ол 110 доллардан асты. Америкалық WTI да қымбаттап барады.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Brent бағасы 100 доллардан асқан соң, Rystad Energy сараптамалық агенттігі Украинадағы жағдай аясында Ресей мұнайының жеткізілімі тоқтатылатын болса, мұнайдың әлемдік бағасы маусымға дейін барреліне 130 долларға дейін көтерілуі мүмкін деп болжаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети