Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Бішкекте 80 оқушы мектепте бүлік шығарды

20 Қазан 2015, 12:20
0
Иллюстрация © progorod11.ru
Иллюстрация © progorod11.ru

Қырғызстанның республикалық олимпиадалық резерв мектебінің (РОРМ) 80 оқушысы ел астанасындағы №38 мектеп-гимназиясында жаппай бүлік ұйымдастырды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

ҚР құқық қорғау органдарының мәліметінше, РОРМ тәрбиеленушілері шегесі бар таяқтармен қаруланып №38 мектептің ғимаратына баса-көктеп кірген. Мектептің директоры мен мұғалімдері бастауыш сыныптың оқушыларын тығып үлгерді. Ал РОРМ тәрбиеленушілері сыныптарды талқандап, жоғары сыныптың оқушыларын соққыға жықты. Қырғызстан білім министрлігінің мәліметінше, бірнеше мұғалім соққыға жығылып, №38 мектептің бес оқушысы жарақат алды.

Бұл оқиғаға қатысты "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. РОРМ-ның 50 оқушысы ұсталып, қазір оларды милиция тергеп жатыр. Сонымен қатар, олардың ішімдік ішкен немесе ішпегендері де анықталады. Үкіметтік комиссия құрылды, ол оқушылар арасындағы жағдайдың мән-жайын анықтайтын болады. Қырғызстан ІІМ мамандарының мәлімдеуінше, №38 мектеп пен РОРМ тәрбиленушілерінің арасында мұндай қақтығыс жиі болып тұрады, алайда бұл жолы ол бүлікке әкеліп соқты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай