18 тамыз 2021 12:48

Бішкекте Ауғанстаннан келген босқындар наразылыққа шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: 24.kg Фото: 24.kg

Бішкектегі БҰҰ ғимараты маңында Ауғанстаннан келген босқындардың наразылық шарасы өтті. Наразылық акциясына қатысушылар републикада ресми мәртебе беруді немесе басқа елдерге жіберуді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24kg басылымына сілтеме жасап.

Наразылықа қатысушылардың бірінің айтуынша, Ауғанстан азаматтары Қырғызстанда 18-20 жылдан бері тұрады, бірақ оларға құжат берілмейді.

"Біз мұнда босқын мандатымен тұрамыз. Бұл құжатпен жұмысқа орналасу қиын. Біз не Қырғызстан азаматтығын бергенін, не Канада немесе Америка сияқты елдерге жібергенін қалаймыз. Бізге БҰҰ өкілдері байланысқа шыққан жоқ және сенім телефонында да сұрақтарға жауап бере алмады", - дейді Әли Сарвар Мұхаммед Наби.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Қазақстан билігінен туыстарын Ауғанстаннан шығаруға көмектесуді сұраған болатын.

Еске салайық, 15 тамызда "Талибан" содырлары (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) Кабулға кіріп, елдегі билікті өз қолына алғанын жариялады. Үкіметтің бір бөлігі мен президент Ашраф Ғани Ауғанстаннан кетті. Кейін Ауғанстан вице-президенті өзін президент деп жариялап, тәліптермен күреске шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети