13 қыркүйек 2016 15:07

Бішкекте болған терактіде тәжікстандық, қытайлық және ресейлік азаматтардың іздері табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© АКИпресс © АКИпресс

Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) арнайы қызметіндегілер Бішкекте орналасқан Қытай елшілігінің алдында болған жарылысқа тәжікстандық, қытайлық және ресейлік тумалардың қатысы бар екенін анықтаған. Бұл туралы Ресей ФҚҚ (ФСБ) директорның бірінші орынбасары, армия генералы Сергей Смирнов хабарлады.

"Бішкекте болған терактіге қатысы бар адамдардың жеке басын анықтау жұмыстары ШЫҰ арнайы қызметтерімен бірлесе жүргізіліп жатыр. Бұл істе тәжікстандық, қытайлық және ресейлік іздер бар", - деді Федералды қауіпсіздік қызметінің орынбасары.

Еске салайық, 2016 жылдың 30 тамызында сағат 09.34-те Қытайдың Қырғызстандағы елшілігінде жарылысты жанкешті жасаған болатын. Mitsubishi Delica маркалы көлік дипломатиялық ведомствоның қақпасын соғып, жарылған. Салдарынан лаңкес қаза тауып, ал елшіліктің үш қызметкері жарақат алып, ауруханада жатты. Сондай-ақ, жедел-іздестіру шаралары барысында мемлекеттік нөмірі S9417Q көк түсті Mitsubishi Delica көлігінің жарылғаны анықталған.

Автокөлік Токмок қаласында тұратын 1977 жылы туған Б.Г. есімді азаматшаға тиесілі. Көлік оның ағасының атына жазылған. Оның айтуынша, 2016 жылдың 10 шілдесінде "Азамат" көлік базарында Жалал-Абад облысының Таш-кумыр қаласында тұратын Кочкоров Әлібек Машираповичке сатқанын айтады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети